Ағымдағы жылдың 7 айында «AMANAT» партияcының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 75 мың өтініш түсіп, 58%-ы оң шешімін тапқан, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар, 312 елдімекенде 257 мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 2,5 мың өтініш қаралған.
Бұл туралы бүгін партияның аймақтық филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы бойынша жиын өткізген республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхамед Жұмабек атап өтті.
Қоғамдық қабылдау бөлмелері алдында тұрған міндеттер сараланған жиынға ZOOM платформасы арқылы партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстық филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің есептері тыңдалып, алдағы міндеттер пысықталды.