Үйіндегі дүние-мүлікті бөлісе алмаған келіншек зайыбын өлтіруге тырысқан. Ал күйеуін атып өлтіру үшін баскесерге 1,3 млн теңге берген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Полицейлер ұйымдасқан түрде адам өлтірмек болған ер азаматты қолға түсіреді. Күдікті жауап алу барысында бұл қылмысқа өзі өлтіруге әрекет еткен адамның әйелі тапсырма бергенін айтқан. Ақыры полицейлер тапсырыс беруші келіншекті де, жалданған күдіктіні де қамауға алған.
-Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Тапсырыс берушінің күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел екені анықталды. Іс адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша жүріп жатыр. Күдіктілер 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп мәлімдеді Polisia.kz.