Өңірімізде учаскелік комиссиялар үшін Мобильдік қосымшаны енгізу бойынша семинар оқыту өткізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ жауапты мамандарының қатысуымен 2025 жылдың 21-22 қаңтар аралығында өңірімізде учаскелік комиссиялар үшін Мобильдік қосымшаны енгізу бойынша семинар оқыту өткізілді. Семинарға 40 – тан астам мамандар қатысты.
Әлеуметтік кодекспен биылдан бастап Еңбек министрлігімен тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді болдырмау және автоматтандыру мақсатында учаскелік комиссиялар үшін FSM Social мобильдік қосымшасы 2025 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылып жұмыс жүргізілуде.
Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:
– геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);
– жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;
– зерттеу жүргізу мен шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі