Мобильді байланыс компаниясының қызметкері биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап кеткен. Аяғын сындырып алған қызметкер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
“Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды”, – деді ведомствода.