"Мерейлі отбасы – 2025" ұлттық байқауының Қызылорда қалалық кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті
«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының Қызылорда қалалық кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Байқауға қатысуға Қызылорда қаласы,оған қарасты кенттер мен ауылдық округтерден 36 отбасы өтініш білдірді. Комиссия отбасылық құндылықтарды берік ұстанған 25 отбасыны іріктеді. Оның ішінде 2 отбасының құжаттары облыстық кезеңге жолданды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мақсаты — адамгершілік, ізгілік, отбасылық құндылықтарын жаңғырту, неке мен отбасы институтының қоғамдағы беделін арттыру, сондай-ақ отбасы келбетінің оң үлгісін кеңінен насихаттау.