«Маңғыстаумұнайгаздың» басшылығына қытай азаматы келді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай-газ компаниясында ротация болды. Бұдан былай компанияны Қытай азаматы Вэн Цзяцзюнь басқарады.
«2024 жылғы 2 желтоқсанда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Вэнь Цзяцзюнь MMГ бас директоры болып тағайындалды», – деп хабарлады компания.
Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Ресейде оқыған.
2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.