515705779 2075768862953562 4510801774621457071 nplaceholder

Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов Шиелі аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
Қоғамдық қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысты.
Қабылдау барысында 6 азамат өз өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Олар – кент орталығындағы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, абаттандыру шараларын күшейту, Байсын ауылына инфрақұрылым тарту, сондай-ақ аудан орталығындағы спорт кешенінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді.
Фракция мүшелері әрбір азаматтың өтінішін жеке бақылауына алатындығын және тиісті сала мамандарына жолдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Қоғамдық қабылдау – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, билік пен бұқара арасындағы сенімді нығайтудың нақты тетігі.
 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар