464707923 968018692030434 5833646421227499176 nplaceholder

Мәслихат депутаттарына семинар өтті

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Мемлекеттік басқару академиясы филиалында облыстық мәслихат депутаттарына «Партия қызметін жүргізудегі мәслихат депутаттарының рөлі мен маңызы» тақырыбында лекция оқыды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өткен болатын.

Бұл орайда «AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі маслихаттарда өзінің депутаттық фракцияларын жасақтап, фракция мүшелерінің біліктілігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру бағытында партияның қоғамдық саясат институтымен түрлі оқу семинарлар ұйымдастырып келеді. Мұндай оқу семинары бұған дейін де ұйымдастырылып, халық қалаулылары біліктілігін арттырған болатын. Бүгінгі оқу жұмыстары соның жалғасы десек болады.

Кездесуде мәслихат депутаттары тақырып төңірегінде ой пікірлерімен бөлісіп, жалпы жұмысты жетілдірудегі ұсыныстарымен бөлісті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар