462366573 3745860395680691 6078057293091064774 nplaceholder

Ұлық мерекедегі марапат

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатов қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, облыстың ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасымен, мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімінің және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Қабылдауда шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының алғысын жеткізді.

«Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары. Алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің егеменді ел болуға ұмтылған ерен ерліктері, бүгінгі күні жастардың жарқын істерімен, жалынды бастамаларымен жалғасын табуда. Алдағы уақытта да қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуы, қоғамдық саяси өмірінің өркендеуі жолында мәртебелі міндеттеріңізді абыроймен атқара береді деген сенімдемін», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар