Қызылорданы жасыл аймаққа айналдырудың жоспары дайындалды

jasil jelek

Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың жоспары бекітілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында абаттандыру және көгалдандыру мәселелері талқыланып, тапсырмалар берілді. Тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

Мәжілістен кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көркейту- көгалдандыруға қатысты міндеттерді пысықтады.

«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырды. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді. Ол бойынша елді мекендерге ағаш отырғызу межеленген. Соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды, биыл да жалғасын таппақ. Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда қаласы қарқынды дамып келеді. Қала аумағы кеңейіп, жаңадан тұрғын аудандар бой көтеріп, халық саны да артты. Бұл тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруды, қала аумағын көркейтіп, көгалдандыруды, абаттандыруды қажет етеді», – деді АЙМАҚ БАСШЫСЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Нұрлыбек Машбекұлы өткен жылдан бері абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын наурыз айында бастауды тапсырғанын, жұмыстарды кешікпей қолға алатын уақыт жеткенін ескертті.

Жұмыстың сапалы орындалуы да аса маңызды. Облыс әкімі абаттандырылған нысандардың көп уақыт өтпей бұзылатынын, яғни сапасына мән берілмейтінін сынға алды. Қала және аудан әкімдеріне соңғы 3 жылда абаттандырылған нысандарды қайта қарап шығып, кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде міндет жүктеді. Абаттандыруды бастамас бұрын инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуды да ескеру қажет.

Жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру үшін 2024-2025 жылдарға арналған елді мекендерді абаттандырудың іс-шара жоспарын әзірлеу тапсырмасы берілді. Қала, аудан әкімдіктері биылғы ағаш отырғызу жоспарын көктем мезгілінде толық орындауы қажет.

Еске салсақ, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды және 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Басқа да жаңалықтарды оқи отырыңыз.

Бөлісу:

АЙДАРЛАР

Денсаулық

31


Здоровье

0


Культура

0


Қаржы

37


Қоғам

216


Мәдениет

7


О спорте

0


О туризме

0


Об экологии

0


Общество

0


Оқиғалар

138


Политика и экономика

0


Саясат пен экономика

54


События

0


Спорт туралы

7


Туризм туралы

3


Финансы

0


Экология туралы

12


Қызылорданы жасыл аймақ айналдырудың жоспары дайындалды
Қоғам Экология туралы

Қызылорданы жасыл аймақ айналдырудың жоспары дайындалды

by

Жазира Бағланқызы

06.03.2024
Сыр өңіріне инвестиция тарту мәселесі қаралды
Қаржы

Сыр өңіріне инвестиция тарту мәселесі қаралды

by

Жангали Ыскак

05.03.2024
Өміріне алаңдаған қызылордалық 5-қабаттан секіріп кеткен
Денсаулық Қоғам Оқиғалар

Өміріне алаңдаған қызылордалық 5-қабаттан секіріп кеткен

by

Жазира Бағланқызы

05.03.2024
Жас өнертапқыштар жаңа өзгеріс әкелмек
Қоғам Оқиғалар

Жас өнертапқыштар жаңа өзгеріс әкелмек

by

Жазира Бағланқызы

05.03.2024
100 түрлі адамнан аударым алған азаматтар бақыланады
Қаржы Қоғам

100 түрлі адамнан аударым алған азаматтар бақыланады

by

Жазира Бағланқызы

05.03.2024
Таң ауылының тынысы
Қоғам

Таң ауылының тынысы

by

Жазира Бағланқызы

04.03.2024

Басқа да мақалалар

Қызылорданы жасыл аймақ айналдырудың жоспары дайындалды

Қызылорданы жасыл аймақ айналдырудың жоспары дайындалды

Сыр өңіріне инвестиция тарту мәселесі қаралды

Сыр өңіріне инвестиция тарту мәселесі қаралды

Өміріне алаңдаған қызылордалық 5-қабаттан секіріп кеткен

Өміріне алаңдаған қызылордалық 5-қабаттан секіріп кеткен

Жас өнертапқыштар жаңа өзгеріс әкелмек

Жас өнертапқыштар жаңа өзгеріс әкелмек