Қызылорда облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою мамандары Қостанайға барды. Олар қардың еріген суын тарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары: 31 жеке құрам адамы, 6 бірлік техника, 10 су сору мотопомпасы, 2 үрлемелі қайықпен Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында қардың еріген суларын тарту жұмыстарын жүргізуде.
Еске салай кетейік, 2024 жылдың 26 наурызында түнгі сағат 00-ден 40 минут өткенде Қызылордалық құтқарушылар тобы Қостанай өңіріне құтқару көмегін көрсету мақсатында жолға шыққан болатын. 27 наурызда сағат 16:00-де олар Қостанай облысындағы Амангелді ауданына жетіп, жұмысты бастап кетті.