Қызылордада қойшы ауылдан 20 жастағы әйелдің денесі табылды

d72a8c34 56c

Қызылордада қойшы ауылдан 20 жастағы әйелдің денесі табылған. Ал күдікті ретінде күйеуі қамауға алынды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

20 жастағы әйелдің өлімі туралы ақпарат Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. 

“Шұғыл жаңалық. Кейбір дерек көздер Қызылорда облысының тұрғыны әйелін қатыгездікпен өлтіріп, қашып жүргенін хабарлап жатыр. Осы адамды көрген-білгендер болса, полицияға хабарлаңыздар. Қылмыс Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында болған”, – делінген жазбада. 

Сондай-ақ хабарламада полицейлер таратқан бағыттама жарияланған.

Онда көз жұмған әйелдің күйеуі күдікті ретінде танылып, іздестіріліп жатқаны көрсетілген.

Бағыттамада Майлытоғай ауылы маңындағы қойшы ауылдан 20 жастағы әйелдің денесі табылғаны жазылған.

Аталмыш оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.

“Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды”, – деді полиция өкілдері. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + 13 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар