Қызылорда қаласында иесіз жүрген ит тұрғындарға шабуыл жасады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде иттен қорқып жерге бетін басып жатқан ұл баланың видеосы тарады. Онда тұрғындар баланы қорғамақ болып тас атқалы жатқанда төбет қарсы жүгіріп, үйдің есігінен қарап тұрған адамдарға атылған. Аталмыш бейне желіде қызу талқыға түсті.
Бұл жөнінде жауапты басқарма пікір білдірді.
-Тұрғындарға қарсы шабуылдаған итке байланысты тиісті жұмыстар жүргізілгенін хабарлаймыз, деп жазған ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ.