Құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мың бөдене жанып кетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Таңғы сағат 4 жарым шамасында Сырдария ауданына қарасты Бесарық елді мекеніндегі жеке құс фабрикасының төбесі өртеніп бастаған. Тілсіз жау 288 шаршы метр аумақты шарпыды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 06:12-де сөндірілген. Оған жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.