“Күрек қайда?”. Қызылорда тазалықшылары қарды айырмен күреп жүр

421533017 1228834018280567 5534848250906120814 n

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі желідегі парақшасына тазалық қызметкерлерінің қарды күреу сәтінің фотосын жариялады. Онда кейбір жұмысшылар көшедегі жауған қарды күрекпен емес, айырмен тазалап жүргені көрінеді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі. 

MVI 7656.MP4.Still001

Түні бойы жауған қарды тазалықшылар тазалап әлек. Ал олардың қызу жұмысының фото-видеосын әкімдік өкілдері әлеуметтік желіге жариялаған. Онда бір тазалық қызметкерінің қолына күрек емес, айыр алып жұмыс істеп жатқаны көрінеді. Яғни қарды молынан күреу үшін айырдың басына жалпақ тақтайша іліп алуға мәжбүр болған. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын тудырды.

“Күрек қайда?”, – деп жазған пікір білдірушілер.

MVI 7656.MP4.Still002

Айта кетейік, Қызылорда қаласын тазалауға бір жылға 602 миллион теңге бөлінген. Тұрғын коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жеңіс Файзуллаев қалың қарды күреуге техникамыз жеткілікті дейді.

“Күрек, шелек, сыпырғы дегендер “Қызылорда тазалығы” мекемесінің меншігінен қаралады. 45 техника мен 195 қызметкер түнгі 3-тен бері қар тазалап жатыр. Қазір қатып қалған көшелерге құм себу жұмыстары жүргізіледі. Ал 602 миллион теңге жалпы қаланы күтіп ұстауға жұмсалады”, – деді ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ЖЕҢІС ФАЙЗУЛЛАЕВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + восемнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар