news full1601443349358a448f129db92ee02974c48cc73c2aplaceholder

Коммуналдық қарыздар толық өтелуі тиіс

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Өздеріңізге белгілі, жылу беру маусымына әзірлік Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Биыл жылу көздері мен желілерін жаңғыртуға республикалық және жергілікті бюджеттен 12 млрд.теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыны тиімді игеріп, жұмысты уақытылы және сапалы жүргізу қажет. Нысандардың барлығы 1 қазанда дайын болу керек. Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етудегі түйткілдер де түгелімен шешім табуы, алдағы жылу беру маусымында ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өткен мәжілісте қала және аудан әкімдеріне тұрғындарға қажетті көмір қорын жасақтау тапсырылды. Алайда, бүгінгі күнге теміржол арқылы жеткізілген көмірдің көлемі жеткіліксіз. Аудан әкімдері операторлармен, «Қазақстан Темір жолымен» тығыз жұмыс жасауы қажет.

Осыған дейін коммуналдық мекеме басшыларына қарыздарды толық өтеу ескертілген болатын. Дегенмен, бүгінде ЖЭО-ның «ҚазақГаз» алдындағы қарызы 38 млн. теңгеге жеткен, ал КРЭК-тің ЖЭО-ға берешегі 521 млн.теңге. «Энергосервис» КРЭК-ке 138 млн.теңге, «Қызылорда су жүйесі» ЖЭО-ға 137 млн.теңге, КРЭК-ке 87 млн.теңге, «Энергосервиске» 185 млн.теңге қарыз.

Аталған мекеме басшыларына коммуналдық қарыздарды қысқа мерзімде толық өтеу міндеті қойылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать + четырнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар