Колонияға сәбіз салынған қаппен 34 телефон өткізбек болғанplaceholder

Колонияға сәбіз салынған қаппен 34 телефон өткізбек болған

Колонияға сәбіз салынған қаппен 34 телефон өткізбек болған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысында түзеу мекемесіне көкөніс салынған қаппен ұялы телефон өткізбек болғандар ұсталды.

Күдіктілер 34 телефонды жасырып, №62 түзеу мекемесіне жібермек болған. Алайда мекеме қызметкерлері дер кезінде заңсыздықты анықтап, тыйым салынған заттарды тәркіледі.

Сәбіз салынған қаптардың бірінен төрт қара түсті пластик зат болған. Ашып қараған кезде 34 телефон, 11 құлаққап, 3 флэш-карта және 30 SIM-карта шыққан.
Аталмыш дерек бойынша Жезқазған қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылған.

– Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізбек болған күдіктінің мекенжайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар