Көктемде жоғалып кеткен 3 жасар қыздың денесі табылды

Көктемде жоғалып кеткен 3 жасар қыздың денесі табылды

Көктемде жоғалып кеткен 3 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды.

Бүгін төрт ай бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыз Айя-Софияның денесі табылғаны белгілі болды. Бұл туралы волонтерлер Instagram парақшасында жазды.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектері табылғаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.

«Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, жасалып жатыр. Күдіктілер қамауда отыр», — деді ол.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Кейін Алматы облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар