Жаңақорғандықтар «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясында белсенділік танытты

c363ac5c 1dd7 4d47 93f2 5e97fbcfda4b

Сыр өңіріндегі Жаңақорған ауданы «Таза Қазақстан – таза аймақ» республикалық экологиялық акциясында ерекше белсенділік танытты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Игі бастамаға қолдау танытқан аудан тұрғындары «Киелі мекен» экологиялық апталығында Жаңақорғандағы киелі қалашықтар мен тарихы тереңге жайылған мәдени ескерткіштер маңын қоқыстардан тазалады.

Сонымен қатар, аудандағы «Сығанақ қалашығы» мен тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын жасыл-желекке айналдыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды. Аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акция барысында аудан тұрындары барша сырбойылықтарды белсенді болуға шақырды.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x