Жалағашта «Жасыл аймақ» апталығы өткізілуде

438706663 1907117326407003 4924899201554557372 n

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығына орай аудан тұрғындары мен ерікті жастардың қатысуымен «Тағзым» аллеясында тал егу рәсімі өткізіліп, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шара барысында аллеядағы Социалистік еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткерлері және Ауған соғысына, Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушылардың құрметіне арналған ескерткіш аумағында талдарды әктеу, санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көркейту-көгалдандыру бағытында 100 түп сыр талы мен терек көшеттері отырғызылды. Сонымен бірге, кент көшелеріндегі аяқсу арналары тазартылып, талдар әктелді. Акцияға барлығы 70 адам белсенді қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығына орай өңірде көркейту-көгалдандыру бағытында шаралар кент орталығынан бөлек барлық елді мекендерде жалғасуда.

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x