Жайлы мектеп: Қазалыда 300 орындық мектеп салынуда

435308866 1981928445535991 3226276003467417610 n

Қазалы ауданында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2 білім ордасының іргетасы қалануда. Соның бірі – ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылындағы 300 балаға арналған білім ошағы, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған бұл мектеп биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның жауапты мердігері – «Аңсар» ЖШС. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып, қауіпсіздік толық қамтылатын болады.

-Қазіргі таңда мектеп құрылысы қарқынды жүруде. Жалпы бұл мектеп 2 қабаттан тұрады және ішінде спортзал, асхана, кітапхана және басқа да арнайы кабинеттер қамтылған. Сондай-ақ, мектеп ауласында оқушылар үшін арнайы ойын алаңдары салынады. Бұдан бөлек, жарық шамдарда да орнатылатын болады. Бұл нысанды биыл табыстауды жоспарлап отырмыз, – деді “АҢСАР” ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ АМАНТАЙ РАМАЗАН.  

Айта кетейік, Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде де “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 600 орындық білім ордасының құрылысы салынуда.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x