Зейнетақы қорынан 200 миллиардқа жуық теңгеге вагондар алынады

HkYsAnmZzH0

ҚР-ның Көлік министрі «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі БЖЗҚ-дан қарыз алатынын растады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Марат Қарабайдың айтуынша, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі зейнетақы қорынан 184 миллиард теңге ақша алады. Оған 100 жолаушы вагоны мен 3 мың жүк вагонын сатып алу көзделіп отыр екен.

ba96a997 844c 4720 b54e a483ca4f241a

– Қоғамда талқыланып жатқан кейбір мәселелерге назар аударғым келеді. Біріншіден, БЖЗҚ қаражаты салымшыларға табыс әкелуге тиіс, сондықтан ақша «Бәйтерек» ҰБХ-ға сыйақының нарықтық мөлшерлемесі бойынша бөлінген. Екіншіден, холдинг мемлекеттік компания болғандықтан, қаражатты қайтаруды мемлекет 100% қамтамасыз етеді. Үшіншіден, вагондар тек қазақстандық зауыттарда жасалады. Бұл отандық өндірістерді жүктеу және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасайды. Жалпы қаражат Қазақстан Республикасының аумағында қалады, – деді Көлік министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ ол қарызға алынған ақша теміржол вагондары паркін жаңартуға және қазақстандықтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталатынын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық Банк зейнетақы активтерінің есебінен «Эйр Астана» АҚ-дан 24,9 миллиард теңгеге акция сатып алған болатын.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x