Ұлыстың ұлы күніне орай аз қамтылған 2300 отбасыға көмек беріледі

35075

Қызылордада Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын іс шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сыр өңірінде Ұлыстың Ұлы күніне арналған шаралар бүгін Амал мерекесінен бастау алмақ. Ал негізгі шаралар наурыздың 21 мен 22-не жоспарланған. Құл құрықтан, күң сырықтан құтылатын Наурыз мерекесіне орай облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен түрлі шаралар өткізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.

Амал мерекесі елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Қыстан аман шыққан ағайынның бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болатын сәті. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейтін мерейлі мезет. Осынау мерекеге орай ертең облыс көлемінде сәлемдесу шаралары ұйымдастырылмақ.

Амал мерекесіне орай «Амал келді, Жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ерікті жастарымыз қарттар үйінде ардагерлерді құттықтап, қазыналарымызға құрмет көрсететін болады. «Наурыз – Думан» тақырыбында этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен перфоманс өткізіледі. Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 73 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында ұйымдастыру-дайындық шаралары қарқынды жүруде, – деді ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жалпы әр күннің өз атауы болады. Наурыздың 14-і яғни ертең «Амал күні» болса, 15-і «Қайырымдылық күні». Бұл күні Президент атынан аймақтағы көп балалы отбасы, еңбек адамдары, қоғам белсенділері, ардагерлер және тағы басқа азаматтарға арнап ауызашар беріледі. Бұған қоса, «Шарапатты Рамазан» атты ауызашар қоржынын тарату шарасы да ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, аймақтағы әлеуметтік аз қамтылған 2 300 отбасыға қайырымдылық көмек беріледі. Ал 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні, 17-і «Шаңырақ» күні болып бекітілді. 18-і «Ұлттық киім» күні болса, 19-наурыз «Жаңару күні», 20 – наурыз «Ұлттық спорт күні». Ал 21 – наурыз «Ынтымақ» күні десек, 22 наурыз «Жыл басы» болып бекітілді. Бұл күні облыстың барлық аумағында бұқаралық іс-шаралар, мерекелік театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарлама, ұлттық спорт сайыстары өтеді деп күтілуде.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x