Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы
Ұлттық құндылықтарымызды балаларға дұрыс дәріптеуде білім беру ұйымдарының жұмысы аса маңызды. Бұл ретте Қазалыдағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі «Құндылыққа негізделген тәрбие беру үдерін модельдеу» жобасын қолға алып, оқушыларды патриотизмге баулуды мақсат етуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Тың жобаның нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай икемдеп, тұлғалық қабілеттері терең дамыған дарынды оқушылар көбеюде. Бұл білім ордасының тағы бір ерекшелігі, іргетасы қаланғанына ғасырға жуық уақыт болса да әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Ғани Мұратбаевтың ізі қалған білім ордасы кішігірім музей ретінде қымбат мұрасын сақтап, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен басымдық беруде. Аталған білім ордасының негізгі жұмысымен таныс болған БАҚ өкілдері мектеп ауласындағы Ғанибай керуені туралы тарихи көрініске куә болып, оқушылар жасаған ерекше дүниелерге қанық болды.
–Біздің мектеп 1958 жылдардың басына дейін көрнекті қайраткер В.И.Молотов атымен аталса, ал 1959 жылдан бастап мектеп шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың есімімен аталды. Қазіргі таңда бізде 485 оқушы білім алады. Сондай-ақ, 74 мұғалім қызмет жасайды. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепішілік шығармашылық топ «Шеберлер», «Шыңдалу», «Жетілу» жобаларын тұрақты жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, заманауи технологияларды игеру мақсатында біздің мектепте арнайы кабинеттер жасақталған. Оқушыларымыз республикалық және облыстық, аудандық білім додаларында жеңімпаз атанып жүр, – деді МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЭЛЬМИРА СМАТУЛЛАЕВА.
Қаралған саны: 78
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments