Тұтынушылар құқығы басты назарда

649038e483b56753611809

Қызылордада жыл басынан бері тұтынушылардан 82 өтініш түскен. Оның басым көпшілігі бөлшек саудасына қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі. Биыл аталмыш күнге орай «Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интеллект» ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

  • Өздеріңіз білетіндей, тұтынушылардың құқығын қорғау басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта біздің департамент күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп, азаматтардан келіп түскен өтініштерді саралайды. Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні жыл сайын түрлі тақырыптарда өтеді. Осыған сәйкес, биыл «Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интелект» ұранымен өткізу туралы ұсыныс берілді. Соңғы жылдары жасанды интеллект цифрлық әлемнің ажырамас бөлігіне айналды. Осының әсерінен экономикалық көрсеткіш те айтарлықтай артып келеді. Жалпы, 2023 жылы біздің департаментке 368 өтініш келіп түссе, оның 264-і қанағаттандырылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде, тұтынушыларға жалпы құны 8,1 млн теңге қаржы қайтарылып берілді. Ал, жыл басынан бері тұтынушылардан 82 өтініш келді. Қазіргі таңда департаментке түскен өтініштер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізудеміз, – деді САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ЕРҚАСЫМ ЖАЙБЕРГЕНҰЛЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар