Тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

likvidaciya pozhara v sadovom dome v gorodskom okruge

Жеке тұрғын үй аумағында болған өрттің салдарынан 2 адам қайтыс болған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиғаның бірі Атырау қаласындағы «Жерұйық» шағын ауданында орын алған. Тілсіз жау екі қабатты үйдің 25 шаршы метр аумағын жалмаған. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары кезінде 1954 жылғы ер азаматтың мәйітін тапты.

Сондай-ақ Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің 80 шаршы метр аумағында өрт болған. Үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың денесі табылды.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себептер анықталып жатыр. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жылыту маусымында тұрғын үйлер мен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x