Тозған жылу желілерін жаңартуға 122 миллион теңге қаралуда

434388767 717869683867612 5553602792295484952 n

Облыстық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жылу желілерін және қазандықтарды жаңғырту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Үкіметке төрт ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырды. Ең алдымен, жұмыс істеп тұрған жылу орталықтарын жөндеу, инженерлік жүйелерді жаңғырту керектігі айтылды. Тозған жылу желілерін азайту үшін жаңғыртудың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 122,5 млн. теңге қаралуда. Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асуы үшін жаңа жылу-электр орталығына автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) орнатып, газ құбырын жеткізуге 925 млн. теңге бөлінуде», – деді ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Облыстық мәслихат депутаттары жылу желілерін жаңғыртуға қатысты жобаларды қолдады.

Сессияда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков, облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменова, облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Байқадамов баяндама жасады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x