Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

432775313 709432538044660 16685626095203058 n

Қызылорда облысындағы шенеуніктерге терроризмге қарсы комиссия отырысында бірқатар тапсырмалар жүктелді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов кәмелетке толмағандар мен жастардың экстремизм және терроризм идеологиясының ықпалына түсу қаупінің алдын алу, террористік тұрғыдан осал объектілерді бекітілген салалық нұсқаулық талаптарына сәйкестендіру туралы баяндады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков Байқоңыр кешені аумағында (қазақстандық азаматтар арасында) діни экстремизм мен терроризм профилактикасын ұйымдастыруда мемлекеттік мекемелер атқарған жұмыстарға тоқталды.

Жиында көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық білім, дін істері, қоғамдық даму басқармаларына, Қызылорда қаласы және аудандар әкімдеріне кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы профилактиканы жандандыруды тапсырды. Облыстық дін істері басқармасы бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстауы қажет. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасына оқушыларды жат діни ағымдардан сақтандыру міндеті жүктелді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар