Теңізшевройлдың күкірт тиелген 7 вагоны рельстен шығып кетті

13c4c763 cf0

Оқыс оқиға бүгін түнгі 3 жарымдар шамасында болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, пойыз құрамында барлығы 66 вагон болған. Жүк пойызы Құлсары станциясының Бейнеу-Мақат учаскесінде жеке кірме жолдан өте жеті жартылай вагоны рельстен шығып кетіпті. Абырой болғанда адам өміріне залал келген жоқ. Сондай-ақ, жүк шығыны және экологияға қауіп төнбеген.

«Қазіргі уақытта Мақат станциясының қалпына келтіру пойызы күшімен рельстен шыққан барлық вагондар көтеріп қойылды Жолдан шығу басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ», делінген БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНДА.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар