«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Рәміздер алаңы» аумағына тал егілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Бұл акция барлық өңірде жалғасын тауып, Сыр елінің жұртшылығы да жалпыхалықтық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Рәміздер алаңы» аумағында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп бастаған бір топ Сенат депутаттары тал екті.
Айта кетейік, Сыр өңіріндегі сенбілікке қала, аудан әкімдері, департамент, басқарма басшылары түгелдей атсалысып, қоршаған ортаны көркейтуге жұмылды. Сенбілік барлық аудандар мен елді-мекендерде ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған республикалық экологиялық акцияның «Жасыл аймақ» апталығы қорытындыланды. Акцияның үшінші аптасында саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағы абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Еске салсақ, Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны бастау алған болатын. Акция 5 кезең бойынша өтуде. Әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптық атаулары берілген. Негізінде облыс көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекенде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бері өтуде.
Республикалық акцияның «Жасыл аймақ» апталығының қорытындысына келсек, облыс орталығы мен аудандарда бүгін 7000-ға жуық көшет отырғызылған.
Қаралған саны: 57
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments