Табиғатты аялау – адамзат борышы

437713404 1985061931889309 9064558680343017535 n

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның басты міндеті. Елімізде «Таза Қазақстан», аймағымызда «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы аясында Сырдария ауданында сенбілік өтуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Акция аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары бойынша сенбілік өтті. Сенбілікті аудан әкімі Берік Сәрменбаев аралап, тұрғындарды туған жерді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілік барысында сырдариялықтар ағаштар егу, әктеу, көшелерді күл-қоқыстан арылту, қураған талдарды кесу, аяқ су жолдарын тазарту арқылы туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x