Сыр өңірінде «Шекара барысы» республикалық турнирі өтеді

Наурыз айының 10-11 күндері алғаш рет ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшысының кубогына арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Екі күнге жалғасатын сайысқа еліміздің әр өңірінен жасақталған 20 команда мен 150-ден астам шекара қызметшілері қатыспақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Серік Абусұлтанов хабарлады.

Қазіргі таңда шекарашылар арасындағы республикалық сайысқа тыңғылықты дайындық жүргізудеміз. Жалпы жоспар бойынша еліміздің әр өңірінен келген қатысушыларды 8 наурызда қарсы алатын боламыз. Ал, 9 наурыздан бастап «Евразия» спорт кешенінде әскери қызметшілермен практикалық семинарлар, арнайы жаттығулар, салмақ өлшеу, жеребе тастау, жарысты ұйымдастыру тәртібін нақтылау сынды бірқатар шаралар ұйымдастырылады. 10 наурыз күні республикалық жарыстың негізгі бөлімі басталып, 11 наурызда жарыс қатысушылары финалда бақ сынайды. Сайыста топ жарып, жеңімпаз атанған шекарашылар дәл сол күні марапатталатын болады. Республикалық турнирге қатысушыларға сәттілік тілейміз, – деді СЕРІК ЕСЕНЖОЛҰЛЫ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі спорттық сайыстарға көп көңіл бөледі. Әскери қызметшілердің аталмыш бағыттағы жарыстарда белсенді болуын және қатысуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл сайын дәстүрлі түрде шекарашылар арасында республикалық турнирлер өткізіліп тұрады. Биыл да осы дәстүрді жалғастырып, мереке қарсаңында әскери қызметшілер өзара бақ сынамақ, – деді ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ ӘКІМЖАН ТӨЛЕБАЙ.

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x