Сыр өңірінде «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасы қолға алынды.

MVI 8587.MP4.Still002

Бүгін Қызылордада өткен «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырыста облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасы туралы айтты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы «Көкарал» тек Арал өңірі ғана емес, республикадағы өте маңызды нысан екенін, Президент тапсырмасымен бөгетті жөндеу жұмыстары қолға алынғанын атап өтті.

MVI 8587.MP4.Still005

– Мемлекет басшысы Кіші Аралды сақтап қалу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Осы орайда, республикалық бюджет есебінен «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2022 жылы Арал ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияда «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасы қаралған болатын. Нәтижесінде республикалық бюджеттен қаржыландырылған 4,3 млрд. теңгенің жобасын Су ресурстары және ирригация министрлігі іске асыруда», – облыс әкімі НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

MVI 8587.MP4.Still004

Айта кетейік, жоба шеңберінде зақымдалған бөгет қалпына келтіріліп, Қарашалаң көлі арқылы теңізге екі арна және Тұщы көлі арқылы бір арна қазылып, Кіші Арал теңізінің солтүстік бөлігінде су айналымы қалыптасады.

Жоба-сметалық құжаттарда қаралған негізгі жұмыстардың бірі Солтүстік Арал теңізінің солтүстік бөлігінің тұздылығын азайту үшін Тұщы, Сарытерең, Қарашалаң-1, Қарашалаң-2 каналдарына механикалық тазарту жүргізілді.

1520871598 img 4475

«Көкарал» бөгеті 2005 жылғы қараша айында пайдалануға берілген. Бөгеттің ұзындығы 13 шақырым. Тоспа салынғаннан кейін теңіздің құрғаған ұлтанының 870 шаршы метрі сумен жабылды. Теңіздегі су көлемі 11,5 текше метрге ұлғайды. Сондай-ақ, судың минералдылығы 23-тен 17 г/л дейін азайып, балық түрлері артты және бекіре тұқымдас балықты өсіруге қолайлы жағдай жасалды. Балық аулау көлемі 400 тоннадан 8 мың тоннаға дейін артты.

Еске салсақ, былтыр 3 айда Кіші Аралға 1 млрд 200 млн текше метр су келді. Кейінгі жылдары Кіші Арал теңізіндегі су көлемі 8,5 млрд текше метрге дейін азайып кеткен еді. Жазда су тапшы, ал қыста көп болғанымен Аралға жетпей жатты. Былтыр қаңтар, ақпан, наурыз айларында су мол болып, оңтайлы мүмкіндікті барынша пайдалануға жұмыс жасалды. Нәтижесінде Аралға жылдық норма 3 айдың ішінде жіберілді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x