Сыр өңірінде «Аналар күні» мерекесі аталып өтілуде

19d082ad 4d34 4c0b 8baa fbc8e8be0350

Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов алтын құрсақты аналарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шараға Қызылорда қаласынан және облыстың 7 ауданынан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қатысты.

Шара барысында алтын құрсақты ана, 10 баладан, 31 немере, 26 шөбере сүйіп отырған батыр ана Балай Есекеева (82 жаста, сауыншы, ауылдық кеңес депутаты болған, қазіргі таңда Әжелер ансамблінің мүшесі, Сырдария ауданының тұрғыны) және «Алтын алқа» иегері, 7 бала, 25 немере, 3 шөбере сүйіп отырған Жақсыгүл Сыздықова (72 жаста, білім саласының ардагері, Шиелі ауданының тұрғыны) сөз сөйлеп, барша аналарға мерекелік құттықтау лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, жас батыр ана, «Алтын алқа» иегері, 7 баланың анасы Майра Нұрғалиева (34 жаста, «Айбибі» балабақшасының меңгерушісі, Қызылорда қаласының тұрғыны) қоғамдық өмірде аналық парыз бен кәсіпті бірге алып жүру дағдылары туралы тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова облыста аналарға қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Мерекелік шараға қатысушыларға облыс әкімінің атынан бағалы сыйлықтар мен гүлшоқтары табысталды.

Аталған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қатысушылар естелік фотоға түсті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар