Су үнемдеу технологиясының тиімділігі зор
Биыл қызылордалық диқандар су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, егіс көлемін 2,3 мың гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сыр өңірінде 187 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Оның ішінде 83,9 мың гектары негізгі дақыл күрішке тиесілі. Тиісінше, былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 6,4 мың гектарға, оның ішінде күріштің көлемі 5 мың гектарға азайтылып, орнына суды аз қажет ететін әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Әпетов мәлімдеді.
-Биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егілетін егіс көлемдерін 2,3 мың гектарға дейін ұлғайту межеленуде. Яғни, тамшылатып суару әдісі арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін құнарлы егу жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, биыл 938 тонна жаздық бидай, 736 тонна күздік бидай, 48,9 тонна арпа, 10,8 тонна тары, 67,6 тонна дәндік жүгері, 5,6 тонна күнбағыс, 108,5 тонна мақсары, 13,5 тонна соя, 21,8 тонна сүрлемдік жүгері және 298 тонна жоңышқа тұқымы құйылды. Бұдан бөлек, биыл егілетін күріш тұқымының 2,4 пайызын отандық сорттар, ал 97,6 пайызын Ресейлік және Украина сорттары құрап отыр. Жалпы өңірде көктемгі дала жұмыстары наурыз айының бірінші он күндігінде басталды. Ал, күріш дақылын егу сәуір айының үшінші онкүндігінде бастау межеленіп отыр. Бүгінде 32,3 мың гектар ерте егілетін жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары, қант құмайы дақылдарының 16,5 мың гектары егілді. Бұл жұмыстарды күріш егу жұмысы басталғанға дейін аяқтау межеленіп отыр. Көктемгі егін егу жұмыстарына қамтылатын ауыл шаруашылығы техникалары да толық дайындықтан өтуде. Осы жылы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 253 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, ауыр техникалардың 4,5 пайызы жаңартылды. Жалпы қолда бар техникалардың әлеуеті көктемгі дала жұмыстарын атқаруға жеткілікті, – деді ЕРСҰЛТАН ӘПЕТОВ.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін су жүйелерін тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сәйкесінше, 49,9 мың га шабындық және 4,4 мың гектар жер ылғалдандырып суарылды.
Қаралған саны: 73
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments