Студенттер Ботаникалық баққа көшет екті

cfb94ab3 97a5 4a83 845a 37e880506daf

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары Ботаникалық баққа ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шара мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған «Таза Қазақстан – таза аймақ» облыстық акциясы шеңберінде өтіп жатыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпарат агенттігі.

Акция барысында университеттің 100-ден астам студенттері мен аға буын оқытушылары 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Аталған оқу орнының студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.

Жуырда республика аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың үндеуіне бір ауыздан қолдау білдірген университет студенттері көтеріңкі көңіл-күймен белсенділік танытты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x