Чоллабук-до провинциясының өкілдері Сыр өңіріне келді

417558199 710462671274980 3790869199943037661 n

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасы Чоллабук-до провинциясы Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Ким Дэ Сик бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынас орнағанын атап өтіп, делегация сапарының жемісті әрі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.

«Чоллабук-до провинциясы Кореяның басты ауыл шаруашылық аймағы ретінде бізге аса қызықты. Егін шаруашылығына озық технологияларды енгізу, «ақылды ферма» және замануи жылыжайлар салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында тәжірибе алмасып, бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруды ұсынамыз. Біздің өңірлеріміздің экономикалық бағыты ұқсас. Қызылорда облысы еліміздегі күріш пен ас тұзының 90%-дан астамын өндіреді, сондай-ақ балық пен мал шаруашылығы да дамыған. Осы ретте, салаға инновациялық әдістерді енгізу үшін кореялық тәжірибені зерттегіміз келеді. Жаһандық климаттың өзгеруі салдарынан су тапшылығы орын алуда. Құрғақшылыққа төзімді және тиімділігі жоғары, аймақтың климатына сай, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын шығару мақсатында корей ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасауға ниеттіміз», – деді ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Мұнан бөлек, облыс әкімі аймақта тәулігіне 102 тонна тыңайтқыш өндіретін кәсіпорын жұмыс жасайтынын атап өтіп, осы бағытта әріптестік орнатуды ұсынды. Мекеменің тыңайтқышты экспорттауға мүмкіндігі жоғары және дайын.

Ким Дэ Сик облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Корея Республикасының делегациясы қайта жаңғыртудан өткен Хон Бом До мемориалдық кешенімен танысып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректорымен кездеседі және өңірдегі бірлесіп жүзеге асыратын жобалармен танысады деп жоспарлануда.

Еске салсақ, Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылдың мамыр айында облыс делегациясымен бірге Сеул, Тэджон және Чонджу қалаларында іссапармен болып, сапар нәтижесі бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды. Сол жолы Тэджон қаласы және Чоллабук-до провинциясының басшыларымен, әлемдік деңгейдегі университет президенттерімен кездесулер өткізіліп, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың қараша айында Қорқыт ата университетінің базасында СеулТех университетінің жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.

Одан бөлек, Чоллабук-до провинциясының Халықаралық ынтымақтастық агенттігі мен Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x