Шенеуніктер жетімдер мен мүгедектерді үйсіз қалдырмақ болған

экрана 2024 02 09 145711

Тұрғын үй заңнамасының сақталуын тексерген прокурорлар атқа мінерлердің былығын ашты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мемлекет баспанамен халықтың тек белгілі бір санаттарын қамтамасыз етеді. Олардың қатарында жетім балалар, мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар мен ҰОС ардагерлері.

Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мыңазаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екенін анықтады. Прокурорлар шенеуніктер тарапынан басқа да заң бұзышылықтар орын алғандығын айтады.

 – Ден қою актілері бойынша кезектен шығарылды. 50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген. Қадағалау актісі бойынша иесі жоқ 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде. Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда қабырғаларында жарықтар мен ылғалдылық бар, электр қондырғылары зақымдалған, сымдары ашық және т.б. ақаулары бар 4 тұрғын үй сатып алынған. Тексеру жалғасуда және тұрақты бақылауда. – деп мәлімдеді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.            

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x