Сенбілік – тазалық кепілі

437734245 1985084188553750 4105644966181328068 n

Қазалы ауданында Республикалық «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, барша аудан жұртшылығы туған жердің тазалығына белсене атсалысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тазалық жұмыстары алдымен ауданның барлық аумағында көркейту-көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу рәсімімен басталды.

Аудан орталығындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы саябақта аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен зиялы қауым өкілдерінің және ардагерлердің қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу рәсімі өтті. Мұнан соң аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі 7 аймақ бойынша жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарын аралады. Ауданда өткен жаппай сенбілік жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, кәсіпкерлер бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Айта кетейік, экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстары барысында барлық елді мекендер бойынша 22,4 шақырым аяқ су арықтары тазартылды. Сондай-ақ игі іске 1922 адам мен 37 техника жұмылдырылып 24,7 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Сонымен қатар ауданды көркейту-көгалдандыру мақсатында 700-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар