Сәулетші қала әкімінің орынбасары атанды

экрана 2024 01 18 154428

Қызылорда қаласының су жаңа әкімі болған Серік Қожаниязов өзінің орынбасарын тағайындады. Жаңа шенеуніктің соңғы үш жыл бойы Түркістан қаласының бас сәулетшісі болғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда қаласының сәулеттік дамуына серпін қажет! Мұндай мәлімдемені Серік Қожаниязов өзінің фейсбук парақшасында жасады. Облыс орталығы қарқынды құрылыс алаңына айналғанын сөз еткен басшы қаланың көркін ашуды  Айдос Кентугаевқа тапсырмақ екен. Себебі ол соңғы жылдары Түркістанның бас жоспарына жауапты болыпты.

WhatsApp Image 2024 01 18 at 15.46.56

– Осы бағытқа екпін беру мақсатында сәулет жіне қала құрылысы саласында тәжірибесі мол, креативті көзқарасы бар архитектор Кентугаев Айдос Зейнуллаұлын қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындауды жөн көрдім. Айдос Зейнуллаұлы бірнеше жыл бойы Алматы генплан ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 3 жыл Түркістан қаласының бас архитекторы болды. – дейді СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x