Сарысу бойы суландырылып, жайылымдық алқап көгалдандырылуда

434056706 1982435842151918 371805314904880768 n

Бүгінде Ұлытау облысының «Кеңгір» мен «Жезді» су қоймаларынан түскен судың және Жамансарысу, Жақсысарысу өзендерінен келген судың мөлшері жылдағыдан көп болуына байланысты Сарысу өзенінің суы өз арнасына толып ағуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сарысудың толуына байланысты Ұлытау және Қызылорда облыстарына ортақ өзенді бірлесіп тиімді пайдалану мақсатында басқарма басшысы Т. Дүйсебаев Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдарымен кездесу өткізді.

Бүгінгі күнге, Сарысудың суы соңғы құярлығы Телікөл көлінен 40-50 шақырым қашықтықта келеді. Ал, Телікөл көлінен 90-100 шақырым қашықтықта су арнасына сыймай жайылымдық, шабындық алқаптарға жайылуда. Жайылымдық алқапта қоныстанған шаруалардың жағдайын көзбен көру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және жауапты сала басшылары Сарысу өзенінің бойын аралады.

Жалпы Сарысу өзеніне келген судың пайдасы 400-500 мың гектар аумақ суландырылып, мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жайылымдық алқаптардың шөбі көгалдандырылады. Осының нәтижесінде шаруалар судың келгеніне қуанып, төрт түлік пен үй-жайларының суда қалу қауіпі жоқ екенін жеткізуде.

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x