Қызылордалық “Қайсар” футбол клубы сатылады. Бағасы қанша?

WhatsApp Image 2024 01 12 at 11.40.23

“Қайсар” футбол клубы 23-қаңтардан бастап сатылымға қойылады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” ақпараттық агенттігі.

Мұндай жарнама электронды сауда-саттық сайтына шықты. Бастапқы баға – 1,6 млрд теңге. Ал алғашқы жарнасы – 252 млн теңге. Яғни, сатып алушы 5 жылдық келісім-шарт негізінде клубты сенімгерлік басқаруға алады.

Клубтың жаңа иесі футбол командасынан бөлек тағы нені иемдене алатыны де белгілі болды. Атап айтсақ, сатып алушыға Ғ.Мұратбаев стадионы, клубтың базасы және автокөліктері де беріледі.

Ескеретін жағдай, биыл облыстық бюджеттен “Қайсар” ФК-ға 1,2 млрд теңге бөлініп отыр. Сатылымға шығатын клубқа әзірге қызығушылар жоқ дейді “Қайсар” ФК баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, “Қайсар” қазір Қазақстан премьер лигасында 6-орында тұр.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x