Қызылордадағы мектептерге бөгде адамдар қарумен кіріп келген

MVI 7927.MP4.Still005

Облысымыздағы білім ордаларындағы қауіпсіз мәселесі көңіл көншітпейді. Қызылорда облысының прокурорлары эксперимент ретінде 5 мектеп ғимаратына қару-жарақты емін-еркін кіргізген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 7927.MP4.Still002

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексерулер жаға ұстатарлық. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің көптеген бұзушылықтарынан бөлек мұғалімдерді конкурссыз жұмысқа қабылдау, ыстық тамақпен қамтамасыз етуде заң бұзушылықтар анықталған.

00636.MTS .Still002

Мысалы, Қазалы ауданындағы 3 мектептің асханасында оқушыларға мерзімі өтіп кеткен сүт өнімдері берілсе Сырдария ауданында мектеп асханаларында арнайы аспазшы мамандығы бойынша сертификаттары мен дипломдары жоқ адамдар жұмыс істеген.

Прокурорлар мектеп ғимараттарында күзет қызметінің жұмысын да бақылап көрді. Сынақ Жалағаш ауданында 2 және Қызылорда қаласының 3 мектебінде өткізілген екен.

MVI 7927.MP4.Still001

– Мектеп ғимараттарында күзет қызметін көрсету барысында өрескел заңсыздықтар анықталды. Прокуратура органдарымен кейбір мектептерге эксперимент ретінде жасалды. Эксперимент барысында мектепке қару-жарақпен емін-еркін кіріп кететінің анықтадық. Бейтаныс азаматтардың еш кедергісіз мектеп ғимараттарына кіру жағдайлары анықталды. – дейді НҰРБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x