Қызылордаға жаңа әкім келді

Untitled

Қызылорда қаласына Серік Қожаниязов әкім болып тағайындалды. Шенеунік еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласында № 2 механикалық-жөндеу зауытының инженер-технологы, учаске шебері болып бастаған, деп хабарлайлы «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Одан бөлек Серік Қожаниязов 1992-1999 жылдары «Серік» шағын кәсіпорнының, «Арко-инвест» инвестициялық жекешелендіру қорынының директоры, 1999-2001 жылдары Қызылорда қаласының әкімі жанындағы «Қалалық бизнес орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының және Қызылорда облысы әкімінің жанындағы «Инвестиция тарту және құнды қағаздар рыногын дамыту орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Қызылорда қаласындағы «Сенім» ашық зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-ның бас менеджері қызметтерін атқарған.

2001-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болды.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, осы  бөлім меңгерушісінің орынбасары, одан әрі Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі қызметтерін  атқарған. 2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Перзидентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінде болып, 2019-2022 жылдары дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі лауазымында қызмет жасаған. 2022 жылдың 24 маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x