Қызылордада теміржолшылар тағы да бас көтеріп жатыр!

S3850001.MP4.Still001

 «Қазақстан темір жолы» мекемесі мен әкімдік басшыларының төрт ай бұрын шешіп берген мәселесі қайтадан ушығып кетті. Темір жолшылардың қарсылығынан кейін орынынан босатылған депо басшысы Жұлдызбай Мұсаев араға уақыт салып қайтадан өз қызметіне келмекші. Ал бұған наразы жұмысшылар тағы да бас көтеріп жатыр. Айта кетейік, көктем айының соңында локомотив депосының жұмысшылары 20 жыл басшы болған Жұлдызбай Мұсаевтың қысымынан әбден шаршадық деп шағым білдірген еді.-деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3850001.MP4.Still006

Бұрынғы басшының қайта келуіне қарсылық білдіруден темір жолшылардың өздері де шаршаған сияқты. Өйткені көпшілік дәл осылай наразылықтарын айтып бұған дейін де бірнеше мәрте жиналған. Тіпті сол кездерде әкімдік өкілдері мен жауаптылар жиналыс жасап, Жұлдызбай Мұсаевты басқа қызметке ауыстырған. Алайда бұл азамат қаншама жан қарсы болса да, жақын арада  мекемедегі бұрынғы лауазымына қайта келуге ниетті. Енді әкімдіктен де,  «Қазақстан темір жолы» мекемесінің басшыларынан да күдері үзілген көпшілік кімнен көмек сұрарын білмей әлек.

S3850001.MP4.Still002

Мына Мұсаев Жұлдызбайдың начальник депо болып келуіне үзілді-кесілді қарсымыз біз. Мен қай жақтан, қашан келіп артыма түседі екен деп дірілдеп отырып қалай айдаймын пойызды, күйзелісте? – дейді МЕҢЛІБЕК МАХАНОВ, МАШИНИСТ.

Экс-басшы қайта келсе жұмысымыздан берек кетеді дейді көпшілік. Өйткені ол қызмет атқарған тұста темір жолшыларға  қысым көрсетіп, жалақыларымызды да жырып келген деп ашулы. Ал төрт ай бұрын басқа лауазымға ауысқан Жұлдызбай Мұсаев  «Қазақстан темір жолы» мекемесінің басшылары ол қызметімнен де қудаламақ болды дейді.

S3850001.MP4.Still004

Біз келістік. Маған начальник тех отделдің жұмысын берді. Мен сол жерде жұмыс істеп отырдым. Олар оған тоқтаған жоқ ҚТЖ. Мені жұмыссыз қалдырмақ болып отыр. Енді мен апеллияциялық соттың шешімімен қайтадан орыныма келуім керек. – дейді ЖҰЛДЫЗБАЙ МҰСАЕВ.

Ал Астана қаласынан арнайы келген жауапты маман темір жолшылар шағымынан енді ғана хабардар болғандай.

S3850001.MP4.Still005

Барлықтарыңызды жаңа тыңдадық. Ақсақалды да, жастард да бәрін. Енді біздің де көзқарасымыз болады ғой. Мен қазір қағазды жинап алғаннан кейін айтам халықтың ауаны осындай деп. Мұсаевты сот орынына келтірсе де, мен қағазға қарап айтам 80 пайызы міне қарсы деп. – дейді АСПАН ҚАЖЫҒҰЛОВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ-ның МАМАНЫ.

S3850001.MP4.Still007

Яғни әр жұмысшыдан жазбаша арыз алып, содан кейін ғана қорытынды шығарамыз дейді маман.Ал темір жолшылар мәселе шешілмей, наразылығымызды тоқтатпаймыз деп отыр.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x