Қызылордада құрылыс компаниясы 15 отбасыны сан соқтырып кетті

114358502 w640 h640 oformlenie konservatsii nezavershennogo

Баспаналарын жөндету үшін “Buna Group”  деп аталатын компанияға миллиондап ақша берген тұрғындар жер сипап қалды. Өйткені құрылысшы компания келісім-шарттағы міндетін орындамай, пәтерлердің құрылысын аяқсыз қалдырып кеткен, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 02 27 at 11.05.46 1

15 отбасы әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған “Buna Group”   компаниясына оңбай алдандық деп шағымданды. Айтуларынша алмақтылық компания тұрғындарды баспаналарға күрделі жөндеу жүргізумен айналысамыз деп сендірген. Осылайша тұрғындармен келісім-шартқа отырып, әр тапсырыс берушіден алғашқы жарна ретінде миллиондап ақша алған. Бірақ күрделі жөндеу жұмысын 1-2 апта ғана істеп, пәтерлердің ішін астаң-кестең қылып тастап кеткен. Енді алданып қалған азаматтар былтырдан бері не ақшаларын қайтара алмай, не компания өкілдерін таба алмай сарсаңға салынып жүр.

WhatsApp Image 2024 02 27 at 11.05.46

-Менің үйімді жөндеу құны 13 миллион теңге болады деп бағалады компания өкілдері. Сол сомманың жартысын алғашқы жарна ретінде төледім. Бірақ бір айға жетпейтін уақыт ішінде пәтерімнің қабырғаларын бұзып, сол күйі тастап кетті. Келісім жасасқан адамдарды да таппай отырмыз. Ақшамызды қайтарсын, – дейді шағымданушы Халида Барахатова.

Бірнеше тұрғын полиция департаментіне ақшаларын қайтарып алуды талап етіп, арыз жазған. Алайда төрт айға созылған тергеудің әлі аяқталар түрі жоқ деп ашулы шағымданушылар.

Тұрғындармен келісім-шарт жасасқан “Buna Group”   компаниясының өкілдеріне “Азаттық-Ньюс” тілшісі де хабарласып көрді. Алайда байланысу мүмкін болмады. Ал полиция департаментіндегілер алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (алаяқтық дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді, – деп мәлімдеді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x