Қызылордада өзеннің лайланған суын ішуге мәжбүр отбасылар бар

Sayajai.mpg.Still001

 Қызылордада 300-ге жуық отбасы ауыз судың азабын тартып келеді. Қала маңындағы «Ягодка» саяжайының тұрғындары тіршілік нәрін әлі күнге дейін сатып алуға мәжбүр. Өз күштерімен құдық қазғандар су сапасы сын көтермейді дегенді айтады. Ал, кейбір жандар бұғанда қол жеткізе алмай Сырдария өзенінің тазартылмаған суын ішіп отыр, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Sayajai.mpg.Still012Sayajai.mpg.Still013

Балғабай Ережепов соңғы 5 жылдан бері «Ягодка» саяжайында тұрып келеді. Зейнет жасындағы ақсақалдың қаладан таза су сатып алуға ақшасы жоқ. Сол себепті қария  күніне бірнеше мәрте дариядан су тасуға мәжбүр. Саяжайлық өзен суын сүзгіден өткізсе де қолаңса иіс пен дәмнен ажыра алмай отырмыз деп налиды.

Sayajai.mpg.Still002

– Күніне 3 мәрте дарияға келіп, суын алып, соны 3 мәрте қайнатып ішіп жатырмыз. Иісі бар басқасы бар, дария ғой енді. Не қыламыз енді су ішу керек ғой. – дейді БАЛҒАБАЙ ЕРЕЖЕПОВ, «ЯГОДКА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Sayajai.mpg.Still004 Sayajai.mpg.Still003

Басқа саяжайлықтар өз күштерімен ұңғыма қазбақ болған екен. Күштері жеткенше 10-15 метр қазса да судың сапасы тым нашар көрінеді. Оның үстіне бұл елді мекенде электр қуаты да тұрақсыз екен. Су сорғысы істемгендіктен кейбір кезде бір шелекті әзер толтырамыз дейді.

Sayajai.mpg.Still005

– Сол тоқтың әлсіздігі бізге жетпей сөніп қала береді. Трансформатордың барлығы көне, анау орақ пен балғаның заманынан келе жатқан дүниелер. Жаңартылмаған ешқандай. – дейді САЯТ ҚҰРАҚБАЕВ, «ЯГОДКА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Sayajai.mpg.Still006

– Бұл суды мен іше алмаймын айналайын. Ол су деген сап-сары, иісі шығады. Біз суды қаладан тасимыз больницадан. Машинаға таксиге ақша береміз, сол жақтан ішетін суымызды алып келеміз. – дейді МӘЛИКА ТӘЖІБАЕВА, «ЯГОДКА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Тұрғындар қала әкімінен жылда барып көмек сұрайды екен. Шенеуніктер сқаяжайлықтарды өз теңгеріміне алғысы жоқ.

Sayajai.mpg.Still009

– Қала әкіміне барған кезде сендер Талсуатқа қарайсыздар дейді. Талсуаттың әкіміне барсам сенің ең болмаса бәшпайын кіріп тұр ма мына Талсуат деген жерге мен қабылдар едім, сендер қаланыкісіңдер дейді. – дейді ГҮЛЖАЙНА ЖҰМАДІЛОВА, «ЯГОДКА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Sayajai.mpg.Still007

Шенеуніктер болса бұл саяжай 2019 жылдағы қаланың бас жоспарына сәйкес Қызылорда аумағына кіргізілді дегенді айтады. Алайда оларға қала статусын беру мәселесі еш қарауға жатпайды деп дөп басты.

Sayajai.mpg.Still011

– Саяжайлардың, елді-мекендердің өзінің нормативтері бар көше нормативі. Ол жердегі саяжайлардың нормативі 15, кейбір жерлерінде 10 метр ені жолдың от красной до красной линий. Аталған саяжайға су, жол, свет және газ апару үшін жобаларға қаражат бөлінуде. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Жобаларды қарап, сараптамадан өткізуге 4 ай уақыт қажет дейді әкімдіктегілер. Сосын ғана олар инфрақұрылымды тартуға облыстан не болмаса республикадан қаржы сұрамақ екен. Ал он жылдап күтіп жүрген саяжайлықтарға тағы да күтуден басқа амал қалмай отыр.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x