Қызылордада күріш өңдеу зауыты өртенді

WhatsApp Image 2024 01 08 at 17.09.25

Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жиналқталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 01 08 at 17.09.26

Оқыс оқиға Қармақшы ауданына қарасты Дүр-Оңғар ауылында орын алды. “Жаңа жол” ЖШС күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 ш.м. жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы 15 қызметкер жұмылдырылды.  Өрт бір жарым сағатта толық  жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Өрттің болжамды шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында  ТЖД   Өрт зертханасы  және анықтау бөлімінің мамандары  өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда. – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
3 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Едіге
Едіге
4 months ago

Өрттер көп болып жатыр. Алла сақтасын!

trackback

[…] Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс». […]

trackback

[…] Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс». […]

3
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x