Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті

Ауырғандардың 94 пайызы Қызылорда қаласының тұрғыны, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыс көлемінде ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ-дің 16514, тұмаудың 78 дерегі анықталған.

Ауру көрсеткішінің алдын алу және азайту мақсатында жергілікті бюджеттен жыл сайын тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биылғы эпидмаусымға 84430 доза вакцина алынып, 83168 адам  тұмауға қарсы екпе алды.

Айта кету керек, жуырда ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулар: қызылша, коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы қабылданған болатын. Қаулыға сәйкес халықтың көп жиналатын орындарда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсынылды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда антисептиктердің болуы, маскамен кіріп-шығу енгізілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар