Қызылордада көліктерге қаратып от шашу атқан азаматтар жазаланды

nature outdoors fire fireworks

Қымбат көлік тізгіндеген жігіттер жаңа жыл түнінде осылай  көңіл көтерген, деп  хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желі арқылы тарады. Онда көше бойында келе жатқан көліктің ішінде отырған жігіттердің отшашуды айналасына оқша жаудырғаны көрінеді. Тіпті салютты өтіп бара жатқан өзге де көліктерге  қарата атады. Ал бейнежазбадан осындай бейәдеп әрекеттеріне өздері мәз болып, қарқылдап күлген жігіттердің дауыстары естіледі. Осы жағдайға байланысты полция департаментінің баспасөз қызметіндегілер салют атқан жігіттердің анықталғанын хабарлады.

-Қорқыт ата көшесі бойында автокөліктің қозғалыс кезінде оң жақ терезесінен пиротехникалық бұйымдарын қолданғаны үшін Ж. есімді азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының, 2-бөлігімен яғни, “Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану” ережелерін бұзу дерегіне сәйкес, әкімшілік құжаттар жинақталып, шара көру үшін, мамандандырылған сотына жолданатындығы хабарланады – деп жауап берді қалалық полиция басқармасындағылар.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар